Алматыда демалыс күндері Ақан Сері көшесінде қозғалыс шектеледі

Mark König/ unsplash.com/
Mark König/ unsplash.com/

Шектеулер жол бөлігіндегі құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматының Түрксіб ауданында жылу желілерін жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын 1983 жылы пайдалануға берілген жылу желілері ауыстырылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты 2025 жылы 18 шілде күні сағат 23:00-ден бастап 21 шілде күні сағат 06:00-ге дейін Ақан Сері көшесінің Котельников көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін уақытша жабылады.

Шектеулер жол бөлігіндегі құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңғырту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі. Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген кезеңде тұтынушыларға ыстық су үздіксіз жеткізіледі. 

Аталған жылу желісі 90 көпқабатты тұрғын үйді, 5 жеке тұрғын үйді, бір мектепті және бір қосымша нысанды жылу энергиясымен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл желілердің тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Еске саламыз, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. 

Оқи отырыңыз: Алматыда Серкебаев даңғылының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

 

Новости партнеров