Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстік және оңтүстік бағыттағы қозғалыс өзгермейді
Алматыда Сейфуллин даңғылынан әл-Фараби даңғылына шығатын жолайырық түнде жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
3 қазан сағат 22:00-ден 4 қазан сағат 08:00-ге дейін Бостандық ауданында көрсетілген жол учаскесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Сейфуллин даңғылы бойымен солтүстік және оңтүстік бағыттағы қозғалыс өзгермейді. Уақытша шектеулер магистральдық құбыр желісіндегі жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Еске саламыз, қозғалысқа енгізілетін шектеулер туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервисінде жарияланады.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласының әкімі мұғалімдерді кәсіби мерекемен құттықтады