Референдумға дейін:
19
күн
7
сағат
13
минут

Құрылтайдағы 145 орын партиялық тізім арқылы бөлінеді - Индира Рыстина

t.me/kisi_kz
t.me/kisi_kz

Яғни, партиялардың жинаған қосымша дауысы 1 мандатқа айналуы мүмкін

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбындағы сарапшылар диалогында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры – Басқарма мүшесі Индира Рыстина жаңа Конституция жобасындағы партиялық тізім мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

«Қазіргі жаңа жобаға сәйкес, Құрылтайдағы 145 орын партиялық тізім арқылы бөлінеді. Яғни, партиялардың жинаған қосымша дауысы 1 мандатқа айналуы мүмкін. Сондықтан партиялар белсенді түрде өз электоратын кеңейтуге жұмыс жасайды. Себебі 69 мандатты бөлу кезіндегі әрбір мандаттың үлесі кем дегенде 200-300 мың сайлаушының дауысы еді. Егер 145-ке ұлғаятын болса, ол енді екі есе артады.

Осылайша, 1 мандаттың үлесі электорат санымен өлшенгенде – азайды. Яғни, 1 мандат алу үшін аз адамның дауысы керек. Ал бұл дегеніміз әрбір электорат, әрбір азамат дауыс беретін болса, ол партияның мандаттар санының ұлғаюына әлдеқайда көп мүмкіндік береді. Сондықтан партиялар белсенді түрде жұмыс жасауы керек», – деді Индира Рыстина.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жобасы балалардың құқығын қорғайды - Динара Зәкиева

Новости партнеров