Депутат «қоғамның моральдық негіздері» және «қоғамдық тәртіп» ұғымдарына қатысты түсініктеме берді
«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбындағы сарапшылар диалогында Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ «қоғамның моральдық негіздері» және «қоғамдық тәртіп» ұғымдарына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Егер осыны егжей-тегжей қарасақ, мұндай шектеулер халықаралық құқықтық актілерде де қарастырылған – Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт және Адам құқықтары жөніндегі Еуропа конвенциясы», – деді Ү. Шапақ.
Оның айтуынша, халықаралық шарттардың Қазақстан аумағында қолданылу тетігін заң арқылы нақтылау құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.
«Халықаралық шарттардың ел аумағында қолданылу механизмін заң арқылы белгілеу арқылы біз құқықтық айқындықты анықтап береміз және іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтаймыз. Кепілдіктерді, азаматтарымыздың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз етеміз.
Қарапайым тілмен айтатын болсақ, біз заң, міне, халықаралық шартты міндеттемелердің ратификациялауға дейін сұрақта болатын болса, Конституциялық сот арқылы олардың Конституцияға сәйкес келетіндігі туралы тұжырым жасата аламыз", - деді депутат.
Оқи отырыңыз: Құрылтайдағы 145 орын партиялық тізім арқылы бөлінеді - Индира Рыстина