Референдумға дейін:
19
күн
2
сағат
5
минут

Жастар жаңа Конституция жобасын талқылады

referendum2026.kz
referendum2026.kz

Кездесудің басты тақырыбы - адам құқықтары мен бостандықтарын күшейту және қоғамда кемел құқықтық мәдениетті қалыптастыру 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Конституциялық реформаларды талқылаудағы жастар мен академиялық қауымдастықтың рөлі туралы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде өткен «TALQYLAU» өңірлік диалог алаңында сөз қозғалды. Кездесудің басты тақырыбы адам құқықтары мен бостандықтарын күшейту және қоғамда кемел құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Кездесудің модераторы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» өңірлік коалициясының мүшесі Александр Зель жаңа Конституция жобасы қоғамның әділдікке, ашықтыққа және азаматтардың ел басқаруға нақты қатысуына деген сұранысын бейнелейтінін атап өтті.

Негізгі баяндама жасаған университеттің академиялық мәселелер жөніндегі басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова бұрынғы Конституция тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңінде тарихи рөл атқарғанын, алайда қазіргі қоғам құқықтық тетіктерді жаңартуды және адам құқықтарының кепілдіктерін күшейтуді талап ететінін айтты. 

«Егер бұрынғы Конституция тәуелсіз Қазақстанның берік іргетасы болса, жаңа жоба – биліктің жауапкершілігін күшейтіп, азаматтардың билікке араласу мүмкіндігін кеңейетеді. Бұл – кемел мемлекет құруға жасалған қадам», – деп атап өтті А. Нұрпейісова.

Оқи отырыңыз: Халықаралық шарттарды қолдану тәртібі заңмен нақтыланады - Үнзила Шапақ

Новости партнеров