Жалпықалалық баспасөз-орталығы алаңындағы кезекті баспасөз-конференциясында Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асановамен сайлау учаскелерінің дайындығы мен жұмыс істеу тәртібі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін 6.00-де қала бойынша барлық сайлау учаскесі ашылып, 7.00-де өз жұмыстарын бастады. Алматыда жалпы 581 сайлау учаскесі бар. Қазіргі уақытқа дейін 4 мыңнан астам бақылаушы тіркеліп үлгерді.
Қала бойынша аумақтық сайлау комиссияның төрағасы азаматтардың үйден дауыс беру құқығын пайдалану үшін сағат 12.00-ге дейін өз сайлау учаскесіне өтініш беріп үлгеру керектігін ескертті. Сағат 12.00-ден кейін сайлау комиссиясы өтініш берген азаматтардың мекенжайына баратын болады.
«Жалпы сайлау учаскелерінің ашылуында келіп түскен өтініш көп болды. Бірақ ол сұрақтар ретке келтірілді, қазіргі кезде барлық мәселе шешілді. Негізінен сұрақтар бақылаушылардың құжаттары жөнінде болды. Қазір бақылаушылардың барлығы өз учаскелеріне жіберіліп, жұмыстарын жалғастыруда», — деді Ж. Асанова.
Ж. Асанова ПТР-тест тапсырылған клиникалар тізімінде болмаған кейбір бақылаушылардың сайлау учаскелеріне жіберілмеуі туралы жағдайды түсіндірді.
«Сайлау учаскелерінде бақылаушыларға қатысты болған мәселе шешімін тапты. Бақылаушылар учаскеге жіберілді. Бұл жағдай қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының өткен дейінгі өткен брифингіне қатысты деп олаймын. Бірақ, лабораторияларларды таңдауға қатысты талабымыз жоқ. Өйткені, ол біздің құзырымызға жатпайды. Сондықтан біз қалалық бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сүйеніп, тек қана ПТР-тесттің болуын ғана талап етеміз. Сол үшін барлық бақылаушылардың тестті қайда тапсырғанына қарамастан сайлау учаскелеріне жіберілді», — деп атап өтті Ж. Асанова.