Сағат 8.30-да Алматы қаласындағы жалпықалалық баспасөз орталығынан шыққан Алмалы ауданының №109 сайлау учаскесінің бақылаушысы Раушан Оразалиева кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінен хабарласып, сайлау учаскесіндегі қазіргі жағдайы мен бақылаушылардың жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Р. Оразалиеваның айтуынша, сайлау учаскесі өз жұмысын уақытында бастады, талапқа сай ашылып, процесті бақылау жақсы жүріп жатыр
«Сағат 7.00-ден бастап сайлаушылар сайлау учаскесіне келе бастады. Біздің азаматтардың, қала тұрғындарының көңіл-күйлерінің көтеріңкі болғаны қуантады. Барлығы сәттілік тілеп, өз дауыстарын беруде», – деді Р. Оразалиева.
Учаскеде барлық санитарлық нормалар сақталған: кіре берісте дезинфекциялық тоннель орнатылған, әр сайлаушының температурасы тексеріліп, маскалар таратылуда.