|
11.01.2021 | 22:02
2817

Халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы сайлауды жоғары бағалады

Әсіресе әлемдік пандемияға қарсы барлық учаскелерде санитарлық талаптардың сақталғандығы шетелдік бақылаушыларды таңғалдырған

Халықаралық бақылаушылар Қазақстандағы сайлауды жоғары бағалады  Almaty.tv

Саяси дода Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілді. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өз жұмыстарын қортындылаған халықаралық бақылаушылар осындай баға берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар барлық сайлау учаскелерінде тиісті жағдайлар жасалғанын, Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін өзге елдер қолдана алатынын айрықша айтты. Онлайн көрсетілім, сурдоаударма, мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ қарттарға да ерекше көңіл аударылғанын атап өтті.

«Шанхай ынтымақтастық өкілдері №118 сайлау учаскелерінде болды. Сайлау санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған. Сайлаушылар өтініш білдіргенде оларға бәрі түсіндірілді, сұрақтарына жауап берілді. Ақпараттық құжаттармен қамтамасыз етілді. Барлық учаскелерде медициналық пункт жұмыс істеді», – деді ШЫҰ бас хатшысының орынбасары Чжан Хайчжоу.

Әсіресе әлемдік пандемияға қарсы барлық учаскелерде санитарлық талаптардың сақталғандығы шетелдік бақылаушыларды таңғалдырған. Олардың сөзінше, Қазақстан демократиялық даму жолында тағы бір нық қадам жасады.

«Еуропа елдерінің кейбір елдерімен салыстырғанда өте жоғары. Барлық сайлау учаскелерінде ковид 19-ға байланысты алдын алу шаралары ынтымақтастықта жақсы жүргізілгенін байқадық. Сайлауда халыққа қажет ақпараттардың таратылуы жақсы болды», – деді халықаралық бақылаушы Исмет Учма.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир