Т. Забирова: Сайлау – бәріміз үшін маңызды, тарихи сәт

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сайлау – бәріміз үшін маңызды, тарихи сәт. Сондықтан әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова қазақстандықтарды белсенді қатысуға шақырды.

«Сайлау – бәріміз үшін маңызды, тарихи сәт. Өйткені, біз жаңа Қазақстанға бет бұрып жатырмыз. Ол – балалардың, елдің болашағы. Сондықтан да сайлауға атсалысып, белсенді қатысуға бәріңізді шақырамын. Өз таңдауымызды жасайық! Мен ел болашағы өзгереді деп сенемін. Тек жақсылыққа қарай өзгерсін», – деді әнші Толқын Забирова.

Алматы қаласы бойынша «1315» бірыңғай нөмірі бар Call-орталық іске қосылды. Ол арқылы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің мекенжайы мен нөмірін тексеруге болады.

Новости партнеров