«Сайлау – болашағымызды шешетін басты саяси мәселелердің бірі». Белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып алдағы өтетін сайлау жайында пікір білдірді.
«20 қараша елімізде зор оқиға болайын деп тұр. Ол – Президент сайлауы. Сайлау – болашағымызды шешетін басты саяси мәселелердің бірі. Президентіміз кім болатынына бей-жәй қарайтын адам жоқ деп ойлаймын. Мен өзім сайлауға үлкен жауапкершілікпен қараймын. Бұл жолы да дәл солай. 20 қарашада өзімнің таңдауымды жасаймын. Сондай-ақ барша алматылықты өз таңдауын жасауға шақырамын», – деді ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып.
Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.