Жұматай Оспанұлы: сайлауда дауыс беру - озық қоғамда өмір сүретін әр азаматтың борышы

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы сайлау - әділетті Қазақстан құру жолында, Жаңа Қазақстанның жаңа бағытын айқындау жолында болайын деп отырған сайлау. Осылай деген ақын, ҚР мәдениет қайраткері Жұматай Оспанұлы барша қазақстандықтарды алдағы сайлауға қатысуға шақырды.

"Алдағы сайлау - әділетті Қазақстан құру жолында, Жаңа Қазақстанның жаңа бағытын айқындау жолында болайын деп отырған сайлау. Еліміздің тағдыры шешілетін кезеңде тұрғанымыз рас. Мұндай саяси науқанға атсалысу керек. Сайлауда дауыс беру - озық қоғамда өмір сүретін әр азаматтың борышы. Мен де өзімнің сайлау учаскеме барып, өз таңдауымды жасаймын. Бұл таңдау - менің ұрпағымның болашағының жарқын болуына жасалған таңдау. Бәріңізді сайлауда дауыс беруге шақырамын", - деді ақын. 

Алматы қаласы әкімдігінің «Open Almaty» қоғамдық қабылдау сайтында және білім басқармасының мемлекеттік қызметтер порталында сайлаушылар тізімдерінен өзіңізді тексеруге мүмкіндік беретін сервис қолжетімді.


Новости партнеров