|
10.01.2021 | 15:42
2528

Ж. Асанова: Кез келген журналист сайлау учаскелеріне кедергісіз бара алады

БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Ж. Асанова жағдайға қанық екенін хабарлады және журналистерден ПТР-тесттің теріс нәтижесі талап етілмейтінін растады

Ж. Асанова: Кез келген журналист сайлау учаскелеріне кедергісіз бара алады

Алматы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте сайлау учаскелерінің бірінде ішке кіре алмаған тілшіге қатысты орын алған жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«№173 сайлау учаскесінің төрағасы „Азаттық радиосының“ қызметкері сайлау учаскесіне келіп, өзін бақылаушы ретінде таныстырғанын түсіндірді. Яғни, ол редакциялық тапсырманы бермей, оның журналистік қызметін растайтын тиісті құжаттарды көрсетпеген. Өзін бақылаушы ретінде таныстырғаннан кейін, учаскелік сайлау комиссиясы бақылаушыға арналған құжаттар пакетін көрсетуін сұраған. Бұған тілші агерссия танытып, ұялы телефонына түсіре бастаған», — деп хабарлады Ж. Асанова.

Оның айтуынша, бұл жағдайға сайлау учаскесінің басқа мүшелері мен бақылаушылар куә болған, олар бұл жағдайды тіркеп алған және оны жазбаша түрде растайды.

«Сондықтан бұл жерде қызметкер мен учаскелік сайлау комиссиясының арасында түсініспеушілік орын алған деп айтуға болады. Кез келген журналист сайлау учаскелеріне кедергісіз бара алады», — деді Ж. Асанова.

Алматы Аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы сайлау процесі және оған қатысушылардың бәрі сөйлесу және байланыс жасаудың мәдениетін негізге алатынына, және егер адамдар осы процеске түсіністікпен қарағанда, көптеген түсініспеушілік жағдайлар орын алмайтынына назар аударды.

Ж. Асанова сайлау процесіне қатысушылардың бәріне сабырлық сақтап, сайлау  учаскесінде әдеп сақтау ережесін ұстануға шақырды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир