|
20.11.2022 | 15:15
572

Батысқазақстандық азамат көршілерін сайлауға автобуспен тасыған

Ол бірнеше күн бұрын барлық көршілеріне жексенбі күні сайлауға көлік ұйымдастыратынын айтқан

Батысқазақстандық азамат көршілерін сайлауға автобуспен тасыған tengrinews.kz

Сайлау күні батысқазақстандық Оразай Саркупов көршілерін автобуспен сайлау учаскесіне апарып, алғысын алып жатыр. Нақтырақ айтсақ, Орал қаласының Деркөл кентінде тұратын көршілерін аталмыш кенттегі №48 мектепте орналасқан бес шақырым қашықтықтағы сайлау учаскесіне тасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз Деркөл кентіндегі Пролетарлық көшесінде бірнеше жылдан бері тұрамыз. Кенттің қоғамдық өміріне белсене араласамыз. Президент сайлауына қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп есептеймін. Мұндай саяси науқаннан қалыс қалған кезім болған емес, біздің дауысымыз еліміз үшін маңызды. Мен бес бала тәрбиеледім, қазір олар ересек, өз шаңырақтары бар. Ұл-қыздарым өздері таңдаған салада еңбек етіп жүр. Бүгін көршілерімді сайлауға алып келіп, көңілді ұжыммен дауыс бердік", - деді Оразай Саркупов.

Кейіпкеріміз бірнеше күн бұрын барлық көршілеріне жексенбі күні сайлауға көлік ұйымдастыратынын айтқан. Көршілері де дән риза. Өйткені бүгінде шаһарда ауа-райы салқын, ал сайлау учаскесіне дейін бес шақырым жаяу жүру керек. Бұрыннан да бірлік, ынтымағымен көзге түсіп, игі істерге ұйытқы болып жүрген көршілер бұл жолы да өзгелерге үлгі болды. 

Көршілерінің сайлау учаскесіне тезірек жетуіне және өз елінің болашағы үшін дауыс беруге көмектесетін жауапты жүргізушілер Ақсай қаласында да аз емес. Көпқабатты үйдегі көршілер сайлау учаскесіне бірігіп, ұйымшылдықпен барған. Айта кетсек, Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласының №28 үйде тұратын тұрғындар бір аутобуспен барған.

Жаңақала ауданындағы сайлау учаскелеріне жиналған тұрғындардың қарасы мол болды.

"Біз бір көшеде тұрамыз, көршілеріміздің барлығы жанашыр, ұйымшыл, сенбіліктерге және ауылдағы кез келген басқа да қоғамдық істерге әрқашан бірге қатысамыз. Ел Президентін сайлау " маңызды және жауапты саяси науқан. Ешкім шетте қалмады, әркім өз дауысын беріп, таңдау жасады", - деді ауыл тұрғындары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир