|
20.11.2022 | 17:33
705

Әнші Біржан Хасанғалиев дауыс берді

Оның айтуынша, бұл жолғы саяси науқанға байқаушылар да барынша дайындықпен келген

Әнші Біржан Хасанғалиев дауыс берді Алматы әкімдігі

Ал сайлауға сақадай сай келген қала тұрғындарының қатарын № 65-сайлау учаскесіне келген әнші Біржан Хасанғалиев толықтырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, бұл жолғы саяси науқанға байқаушылар да барынша дайындықпен келген.  

"Міне халық бірінші сағаттан бастап, бірінші минуттан бастап өзінің дауысын кандидаттарға беріп жатыр. Мен де өнер адамы ретінде өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, даусымды бердім", - деді әнші.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир