|
21.11.2022 | 20:42
1006

Сайлауда қалың нөпір адамның болғанын көрген емеспін - Байғали Есенәлиев

Сайлауда қалың нөпір адамның болғанын көрген емеспін - Байғали Есенәлиев Almaty.tv

Сайлауда «бәріне қарысымын» деген бесінші баған маған ұнады. Осылай деген белгілі ҚР Еңбек сіңірген қайраткер Байғали Есенәлиев өзгерісті қатты қажет етіп тұрған білім, денсаулық және мәдениет саласы деп санайды. Сондықтан «халықтың сеніміне қол жеткізген Мемлекет басшысының алдында жауапты міндет тұр» деп есептейді.

«Бұрын соңды қаншама сайлауға қатысып жүрміз, кешегідей қалың нөпір адамның болғанын көрген емеспін. Халықтың болашағына, тағдырына немкетті қарамай, дұрыс көзқараспен атсалысуға ұмтылғанының көрінісі деп білем. Сайлауда «бәріне қарысымын» деген  бесінші баған маған ұнады. Оның өзі де – демократиялық өзгерістің қоғамдағы көрінісі. Қазіргі уақытта денсаулық, білім беру,  содан кейін қай уақытта да кезекші қызмет атқарып келе жатқан мәдениет саласы ең өзгерісті қажет етіп тұр.  Осы үш салаға мән беру керек деп ойлаймын. 200 аурухана дедік, салдық. Бәрақ мамандар түзелді ма?» – деді актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Байғали Есенәлиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир