|
15.02.2023 | 15:00
2763

ОСК сайлауға кандидаттарды AMANAT партиясынан тіркейді

Аталған саяси ұйым алдағы додаға 90 адамды ұсынған

ОСК сайлауға кандидаттарды AMANAT партиясынан тіркейді Almaty.tv.

Алдағы мәжіліс пен мәслихат сайлауына ең көп кандидат ұсынып отырған Аманаттың партиялық тізімін орталық сайлау комиссиясы тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған саяси ұйым алдағы додаға 90 адамды ұсынған болатын. Оның 32,2 %-ы әйелдер, жастар және мүгедектігі бар жандар екен. Орталық сайлау комиссиясы бұл адамдардың барлығы сайлау туралы конституциялық заң талабына толықтай сай келеді дейді. Сонымен қатар, AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылған.

“Парламент мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс берген сайлаушылардың 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылы 10 қаңтарда өткен парламент мәжілісі депутаттарын сайлауда AMANAT бұрынғы Nur Otan партиясы сайлаушылар дауысының 71,10 пайызын алған”, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир