|
20.03.2023 | 15:06
322

Қазақстандағы сайлауда белсенділік танытқандардың көбі – орта буын өкілдері

Сайлаудың әділ өтуін бақылағандардың қатарында жастар көбейген

Қазақстандағы сайлауда белсенділік танытқандардың көбі – орта буын өкілдері Almaty.tv

«Қазақстандағы сайлауда белсенділік танытқандардың көбі – орта буын өкілдері». Осылай деген ресейлік байқаушылар Алматы жастар қаласы болғандықтан белсенділік аз болғанын айтты, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдің әр аймағынан келетін студенттердің қалада тіркеуі жоқ, сәйкесінше олар дауыс беруге қатыса алмауы мүмкін. Сайлаудың әділ өтуін бақылағандардың қатарында жастар көбейген. Бұл Қазақстандағы жаңа буынның елдегі саяси процесске деген қызығушылығын көрсетеді.

«Өзін дауыс берушілердің тізімінен таппаған азаматтар да болды. Мұның алдын алу үшін азаматтарға процесс жан-жақты түсіндірілуі керек деп есептеймін. Әрине, тұрғындардың да қызығушылық танытып, азаматтық көзқарасын анық білдіруі аса маңызды. Жалпы алғанда, мен бақылаған сайлау учаскелерінде жағдай қалыпты болды», – деді халықаралық байқаушы Борис Соколов (Ресей).              

«Сайлау учаскелерінде айтарлықтай заң бұзылмады» деген байқаушылар азаматтардың моральдық белсенділігін де назардан тыс қалдырмапты. «Оңтүстік астана тұрғындары үміткерлер туралы мәліметпен жақсы таныс болды» дейді халықаралық байқаушы.

«Наурыз мейрамының қарсаңында сайлау учаскелеріне келген азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Дауыс беру орындарының қазақы безендірілгенін, тұрғындардың ұлттық киімде келгендерін көріп, біз де қуанып қалдық», – деді халықаралық байқаушы Алексей Пономаренко (Ресей).




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир