|
19.03.2023 | 20:54
473

Сайлау - саяси жүйедегі бетбұрыс

Көпті көрген аға буын сайлаудан үміт күтетінін айтады

Сайлау - саяси жүйедегі бетбұрыс Almaty.tv

«Бүгінгі сайлау - саяси жүйедегі бетбұрыс. Сондықтан оның маңызын ең алдымен халық түсінуі керек». Бұл – дауыс беріп үлгерген зиялы қауым өкілдерінің пікірі, - деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жаңа Қазақстанның жаңа қадамы шығар деп ойлаймын. Депуттаттарды сайлап жатырмыз, енді  бәрінен жаңалық күтеміз. Кім біледі, олардың қандай адам екенін? Жұмыс барысында көреміз», – деді  Қазақстанның Еңбек ері Дулат Исабеков.

«Парламентте ертеңгі заң қабылдаушы тұлғалар жан-жақты білімді, зиялы және еліне, жеріне, халқына, ұлтына, жұртына жаны ашитын адамдар болуы керек», – деді ҚР Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет  

Көпті көрген аға буын сайлаудан үміт күтетінін айтады. Себебі бүгінгі саяси науқанда жұрт жарқын болашақ үшін дауыс берді.

«Біздің бүгініміз және болашағымыз, ұрпақтың ертеңі үшін сайлауға келіп дауыс беру – үлкен жауапкершілік. Халық өз болашағын, өз таңдауын босқа жіберіп алмауы керек. Сондықтан сайлауға сеніммен келіп, дауыс береміз», – деді ақын Әділғазы Қайырбеков.

«Еліміздің, немерелеріміздің болашағы үшін жұртымыздың амандығы осы таңдауымызға байланысты деп сенемін», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Амантай Берғалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир