Гүлзира Айдарбекова келініне ән арнады

Гүлзира Айдарбекова келініне ән арнады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Айдарбековтер жанұясында дүбірлі той! Қайрат Нұртастың інісі Заңғар шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұр-Сұлтан төрінде дүркіреп өткен тойға келушілердің қарасы қалың болды. Олардың қатарында елімізге танымал өнер жұлдыздары да бар.

Тойда белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова келініне арнап ән айтты. Бұл туралы өнер иесі Іnstagram парақшасында жазды.

«Әулеттің көрігі бол,

Әдепті келінім бол,

Ұлымның сенім артқан серігі бол.

Алла бақ берсін балапандарым!

Бұрындары қыз ұзатушы едім, бұл жолы Қарақат келінімнің әнінің сөзіне кішкене өзгеріс енгізіп, өз ойымды жеткізуге тырысып, өз келініме осы әнді арнадым. Болашақ ұрпағымыздың аналары, келіндерімізге ана бақытын тіледім!» – деп жазды ол.

Айта кетейік, аталмыш жазбаның астына пікір қалдырғандардың саны өте көп. Олардың басым бөлігі тойдан Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімованы көргеніне өте қуанышты екенін жарыса жазып жатыр.


Новости партнеров