|
12.02.2021 | 16:08
5665

Әлемге танымал әнші Rita Ora Иманбекпен бірігіп альбом шығарды

Трек YouTube арнасында жарияланды

Әлемге танымал әнші Rita Ora Иманбекпен бірігіп альбом шығарды

Ақсу қаласының тұрғыны Иманбек Зейкенов, британдық әнші Rita Ora және француз музыканты DJ David Guetta "Bang" атты шағын альбом шығарды. Трек YouTube арнасында жарияланды, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Кезекті хиттің шығуына байланысты Rita Ora  талантты музыкант Иманбекке Facebook-тегі парақшасында алғыс білдірді. 

Клиптің үзіндісін Иманбек өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар көлік және коммуникация колледжінің 4 курс студенті Иманбек Зейкенов Saint Jhn лақап атымен танымал Карлос Сент-Джон әніне ремикс жасап, әлемге танылды. Осыдан кейін композиция беделді американдық Grammy сыйлығына ұсынылды. Қаңтар айының соңына жоспарланған Grammy сыйлығымен әншілерді марапаттау күні Калифорния штатындағы ауыр эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінге қалдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир