Тойдан ақша табатын әншілер мен асабаларға табыс салығы неге салынбайды

көрнекі сурет
көрнекі сурет
2020 жылдың тоғыз айында пандемияға байланысты Қазақстанның салық шығындары 1 триллион 100 миллиард теңгеге бағаланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев әншілер мен асабаларға неге салық салынбайтынын түсіндірді. Оның сөзінше, кәсіпкерліктің бұл түріне табыс салығын салу қарастырылмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Салық төлеу үшін алдымен салықтық тіркеуге тұру керек. Тіркеуге енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда бұл сала микробизнес болып саналады. Сондықтан олар әншілер, асабалар табыс салығынан толық босатылған», – деді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда бюджетке түсетін қаржы көлемі айзайғанын айтты. 2020 жылдың тоғыз айында пандемияға байланысты Қазақстанның салық шығындары 1 триллион 100 миллиард теңгеге бағаланып отыр.

«Осы жылдың 9 айында мемлекеттік бюджеттің кірістері жөніндегі жоспар 92%-ға, республикалық бюджет 82%-ға, жергілікті бюджет 116%-ға орындалды. Республикалық бюджетке түсімдердің төмендеуіне пандемиямен байланысты сыртқы және ішкі факторлар әсер етті. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша базалық болжамға сәйкес, биыл әлемдік жалпы ішкі өнім 5,2 % қысқарылады деп күтілуде», – деді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев.

Новости партнеров