Астанада Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бәсекені дүниежүзілік рейтингте 45-орында тұрған Юлия Путинцева мен әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетт бастайды.
Бұл жұп 14 сәуір, жұма күні Астана уақытымен сағат 13:30-да кортқа шығады.
Содан кейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина мен рейтингте 253-сатыдағы Вероника Фальковскаға кезек келеді.
Сенбіге Елена Рыбакина – Магда Линетт, Юлия Путинцева – Вероника Фальковска және жұптық сындағы Анна Данилина/Гөзал Айнитдинова – Алисия Росольска/Вероника Фальковска кездесулері жоспарланған. Сенбі күнгі ойында 13:30-да басталады.
Жеңімпаз команда әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.