|
02.07.2019 | 09:40
2647

Теннис: Юлия Путинцева әлемнің екінші ракеткасын ұтты

Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды

Теннис: Юлия Путинцева әлемнің екінші ракеткасын ұтты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ю.Путинцева алғашқы айналымда әлемнің екінші ракеткасы, жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

Бұл Юлияның Наомимен үшінші матчы еді. Жақында Ю.Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) турнирінде  сол кезде әлемнің бірінші ракеткасы болған Н.Осаканы тізе бүктірген еді.

Бұл жолы бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкке ұласты. Онда Ю.Путинцева 7:4 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сет қазақстандық теннисшінің басымдылығымен өтті - 6:2.

Бәсеке 1 сағат 36 минутқа созылды.

Осылайша Юлия Н.Осаканы үшінші рет жеңіп отыр.

Ю.Путинцева екінші айналымда швейцариялық, әлемнің 81-ракеткасы Виктория Голубичпен шеберлік сынасады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 86-орында тұрған Зарина Дияс бастапқы кездесуін әлемнің 34-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен өткізді.

Бірінші партияда америкалық спортшы брейк жасап, бірден алға кетті - 3:0. Ақыры сол басымдылығынан айырыла қойған жоқ - 6:3.

Екінші сет те 7:5 есебімен Д.Коллинздің пайдасына шешілді. Сөйтіп, З.Дияс екінші айналымға шыға алмады.

Ерлер арасында Уимблдон турнирінде Михаил Кукушкин испаниялық Пабло Андухармен, ал Александр Бублик франциялық Грегуар Баррермен кортқа шығады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир