|
29.09.2021 | 09:33
524

Геннадий Головкин келеcі жылы кіммен жұдырықтасады

Жекпе-жек алдағы 12 айдың ішінде өтуі мүмкін

Геннадий Головкин келеcі жылы кіммен жұдырықтасады ktk.kz

Британия боксшысы Крис Юбэнк-кіші келесі жылы орта салмақта IBF пен IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екеуміздің жекпе-жегіміз алдағы 12 айдың ішінде өтетінін білемін. Өтпей қалуына қандай да бір кедергі көріп тұрғаным жоқ. Головкиннің командасы қызығушылық танытып отыр. Бокс жанкүйерлері де бұл айқасты көргісі келеді. Бұл өте ауқымды жекпе-жек. Оның үстіне Ұлыбританияда өтетін болса», – деді боксшы Boxing Social басылымына берген сұхбатында.

Бұған дейін Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин – орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. WBO белбеуі Деметриус Андрадеге, WBC белбеуі Джермалл Чарлоға, WBA Super титулы Риота Муратаға тиесілі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир