|
25.03.2023 | 09:45
3384

Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді

Зәуірбектің қарсыласы – аргентиналық Факундо Арсе (15-9-2, 7КО) болды

Сұлтан Зәуірбек Англиядағы жекпе-жегін нокаутпен жеңді Instagram.com/sultanzaurbek/

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 9КО) Англияның Болтон қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Кazproboxing парақшасына сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Зәуірбектің қарсыласы – аргентиналық Факундо Арсе (15-9-2, 7КО) болды. Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокс мансабында 14-інші жеңісіне қол жеткізді. Айта кетсек, ол - WBO European нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы чемпион. Белдікті 2021 жылдың шілдесінде жеңіп алған болатын. Бұған дейін оған WBC-тің жастар арасындағы әлем чемпионы титулы да тиесілі еді.

Оқи отырыңыз: Gorilla Winter Jungle: Шымбұлақта кәсіби сноубордшылар мен шаңғышылар арасында сайыс өтпек

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир