|
11.03.2019 | 10:12
1985

Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты

Головкиннің алдағы жекпе-жегіне қатысты тың дерек шықты © REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY Sports

DAZN қазақстандық боксшының келесі кездесуіне қатысты мәлімет берді.

DAZN платформасының промоутері әрі басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің алдағы кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Баспасөзге берген мәліметінде, Эдди Хирн Головкинің алдағы жекпе-жегі туралы келесі аптада хабарланатынын айтты. Сонымен бірге, Андраде «Росадо — Сулецки» жекпе-жегінде жеңген боксшымен жұдырықтасып, WBO белбеуін қорғап қалуға тырысады», - деді Хирн, деп жазады Talksport.com.

DAZN Головкиннің келесі жекпе-жегі болуы мүмкін екі күнді болжады - 8 және 16 маусым. Ал Андраденің жекпе-жегі 22 маусымға жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Геннадий Головкин «Канело» Альвареспен екі рет кездесті. 2017 жылы 16 қыркүйекте болған жекпе-жек теңбе-тең аяқталса, қарымта кездесуде қазақстандық сәтсіздікке ұшырап, барлық титулынан айырылып қалды. 

Былтыр Головкин сонымен бірге IBF чемпиондық белбеуінен айырылып қалды. Мұның себебі – GGG украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға жазбаша келісімін бермеген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир