Спортшыларымыз Қытайда 4 алтын медальға ие болды
yandex.kz
Чунцинь қаласындағы Asian Grand Prix Series халықаралық жеңіл атлетика турнирінің бірінші кезеңі аяқталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың Чунцинь қаласында Asian Grand Prix Series халықаралық жеңіл атлетика турнирінде қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz сілтеме жасап.
100 метрге жүгіру жарысында Ольга Сафронова мәреге бірінші болып келді. Иван Иванов ядро лақтыру сайысында жеңімпаз атанса, 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин, 800 метрге жүгіруде Маргарита Мукашева бірінші орынды иеленді.
Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс медаль иегері атанды. Ал Рима Кашафутдинова, Элина Михина, Ольга Сафронова және Светлана Голендовалар 4*100 эстафетасында үздік үштікті қорытындылады.
Осылайша қазақстандық спортшылар төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34