|
04.10.2019 | 11:45
2007

"Бұл маған үлкен сый болар еді": Головкин МакГрегормен айқас туралы айтты

Ирландиялық UFC жұлдызы Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді

"Бұл маған үлкен сый болар еді": Головкин МакГрегормен айқас туралы айтты

Геннадий Головкин украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жек алдында Dan Patrick Show-ға барып, ирландиялық UFC жұлдызы Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды tengrinews.kz.

"Әрине! Бәрі қалайды! Жеңіл ақша ғой. Бірақ UFC - бөлек әңгіме. Егер мен UFC ережесі бойынша жүрсем, бұл - Конорға үлкен сыйлық болар еді. Ал егер Конор бокс ережесі бойынша жұдырықтасса, ол - мен үшін үлкен сый болар еді", - дейді Головкин.  

Айта кетейік, МакГрегор 2016 жылы мамырда кәсіби бокста сынасқысы келетінін мәлімдеген. Бұл мәлімдемеден кейін салмақ санатына қарамайтын америкалық боксшы Флойд Мейвезер-кішімен жекпе-жек туралы сөз болған. 2017 жылы шілдеде бокшылар жекпе-жек туралы келіссөз жүргізіп, тамызда жұдырықтасқан. Нәтижесінде Мейвезер жеңіске жеткен.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир