|
06.11.2021 | 12:06
5186

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылды

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды КФБ

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны күміс жүлдемен толықты. 20 жастағы Махмұд Сабырхан әлемдік сынды екінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылды.

Аталған жекпе-жек Махмұд Сабырхан үшін үлкен тәжірибе болғаны анық. Әлем чемпионаты барысында мамандар мен жанкүйерлерден жоғары баға алған Сабырхан финалда жастығынан және тәжірибенің аздығынан тізе бүкті.

Бірінші раундта Махмұд аздаған басымдықпен жеңіске жеткенімен, қалған екі раунда жапондық боксшының соққылары дәл әрі мықтырақ болды.

Бұл Махмұд Сабырхан қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты. 20 жасында әлем чемпионатының финалында сынға түскені де Махмұдтың талантты боксшы екенін көрсететіні анық.

Біз Махмұдтан алдағы уақытта үлкен жеңістер күтеміз.

Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов әлемдік сында топ жарған болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир