|
06.03.2019 | 12:45
2824

Полтораниннің бапкері қазақстандықтардан кешірім сұрады

Алексей Наконечный спортшының басындағы допинг-дауға қатысты ресми мәлімдеме дайындады

Полтораниннің бапкері қазақстандықтардан кешірім сұрады © olympic.kz

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің алғашқы бапкері, бүгінге дейін онымен бірге жұмыс істеп келе жатқан Алексей Наконечный спортшының басындағы допинг-дауға қатысты ресми мәлімдеме дайындады. Шаңғы жарысынан Қазақстандағы ең беделді бапкерлердің бірі жасаған мәлімдемені VKsport.kz жариялады, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«Құрметті қазақстандықтар, менің шәкіртім антидопингтік ережені бұзғаны үшін кешірім сұраймын. Еліміздің барша тұрғындары, ата-аналар мен басшылық алдында кешірім сұрап, бас иемін. Өзімді осы жағдайға кінәлілердің бірі санаймын, себебі 11 жыл бойы Алексейдің алдына бір ғана мақсат қойдым, ол – ел үшін ірі жарыстарда алтын медаль иелену. Ол ұзақ жылдар бойы осы мақсатқа жетуге тырысты. Алтынға деген ұмтылыс осындай әрекетке алып келді. Алексейді адал әрі парасатты адам ретінде білемін. Ол алғаш рет сүрінгеніне, тыйым салынған дәріні қолдануға тырысып, қолданбағанына сенемін. Бұл жағдай WADA (Халықаралық антидопинг агенттігі) қаралымында әсер етеді деп үміттенемін. Бәріңізден Алексейге қолдау көрсетуді өтінемін. Оның спортқа оралып, ел намысын жоғары деңгейлерде қорғай беруін, таза спортты насихаттап, допингке қарсы күресуін тілеймін», – деп жазылған мәлімдемеде.

Қазақстанға еңбек сіңірген жаттырықтырушы әрі биатлоннан жасөспірімдер құрамасының бапкері Михаил Дудченко Vesti.kz-ке берген сұхбатында Полтораниннің оқиғасы жайында пікірін айтты.

«Иә, қателікке жол берді, бірақ оны толық жасамады. Яғни, қазір бүкіл спорт допинг қолданады, Алексей де соған ынтызар болды. WADA-да тіркелген терапиялар заңдастырылған допинг саналады. Онымен күресу өте қиын, әсіресе норвегиялықтармен. Оларға бәрі рұқсат та, ал бізге болмайды. Алексей ағаттық жіберген болар... Байқап көргісі келді, бірақ соңғы сәтте бас тартты. Бірақ сол ниеті, ойы үшін де жазалануы ықтимал. Бірақ мен оның таза спортшы екенін бірнеше рет айтқанмын. Ең қызығы: жеңімпаз болып жүргендердің жартысы осы іспен айналысады, бірақ оларға рұқсат берілген. Өкініштісі - осы. «Біз сырқат адамдармыз» деп айтады. Ресейде де, Қазақстан құрамасында да терапиялық ем қабылдауы керек спортшы жоқ. Ендеше неге норвегиялықтардың бәрі ауру? Мені бапкер ретінде қуантатыны: ол шектен асып кетпеді. Егер солай жасаса, «Леша, кешір» деуге болар еді. Бірақ «ол бас тартты ғой», – деді Дудченко.

Естеріңізге салсақ, 27 ақпанда Австриядағы әлем чемпионатында полиция бес шаңғышыны тұтқындаған - Полтораниннен бөлек австриялық Макс Хауке мен Доминик Бальдауф, эстониялық Андреас Веерпалу мен Карел Таммъяр абақтыға қамалды. Кейін олар қан допингін қолданғанын мойындап, бостатандыққа шықты. Қазір олар спорттан уақытша шеттетілді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир