|
01.09.2020 | 12:42
4806

Спорт клубтарын қаржыландыруды тоқтату керек – Президент

Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет

Спорт клубтарын қаржыландыруды тоқтату керек – Президент pixabay.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында кәсіби спорт клубтарын мемлекет қаржысы есебінен қаржыландыруды тоқтату керектігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Өскелең ұрпақтың спорттық және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажет. Қаржы тапшылығы жағдайында кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мәні жоқ. Мемлекет пен квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен миллиардтаған теңге тиімді жұмсалмайды. Бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға және әрине, балаларға басымдық беру керек», – деді Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы әрбір облыста, ірі аудан орталықтарында спорт секцияларын ашу қажеттігін, жас ұрпақ өкілдері шығармашылық пен қолөнер негіздерін меңгере алатын балалар үйірмелерінің қызметін қайта бастау қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі заманғы шындық балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығын дұрыс бағытқа бағыттау керек. Өйткені, балалар - біздің мемлекетіміздің болашағы. Әкімдердің жұмысын осы өлшем бойынша бағалайтын боламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир