Қарағандылық кеншілер өздерінің танымал жерлесі – боксшы Геннадий Головкинді қолдауға арналған бейнеролик түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Шұбаркөл көмір» АҚ «Орталық» және «Батыс» разрезінде жұмыс істейтін кеншілер танымал жерлестері – кәсіпқой бокста чемпион болған Геннадий Головкинге Стив Ролсқа қарсы өткізетін жекпе-жегінде жеңіс тіледі. «Сенің соққыларың жүз мың текше метр таулы массаның жарылысындай жойқын болсын!» - делінген видеоның сипаттамасында.
Қысқа ғана ролик ERG Kazakhstan YouTube-каналында жарияланған.
Осылайша, жұмысшылар ерекше флешмоб бастады. Олар қазақстандықтарға Головкинді қолдау видеосын түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісу кезінде мына хэштегтерді қолдануды ұсынады:#GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе.
Идея авторларының айтуынша, бейне жасауға 300 жұмысшы қатысқан. Түсірілім кәсіпорынның өндірістік алаңында өтіпті. Арнайы ролик үшін кеншілер жарылыс ұйымдастыруды шешті. Оның аумағы – 900 шаршы метр.
«12 тонна жарылғыш зат пайдаланылды, ал жарылған тау-кен массасының көлемі 97 мың текше метр болды», – дейді кәсіпорын өкілдері.
Кеншілер 8 маусымда өтетін кездесуді асыға күтетінін және жерлестерінің жеңісіне сенетінін атап өтті. GGG-дің келесі жекпе-жегі 8 маусымда (Қазақстан уақытымен 9 маусымда) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!