Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-дан арнайы жүлде алды

Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz
Қазақстандық футзалшылар Бразилиядан 4:2 есебімен ұтылып, ең үздік төрттікке енді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-дан арнайы жүлде алды. Халықаралық футбол федерациясы Литвада өтіп жатқан Әлем чемпионатында көзге түскен отандастарымызға әділ ойнағаны үшін Fire Play марапатын табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал турнирде 4 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген Дуглас үздік ойыншылардың үштігіне кіріп, «Қола доп» еншілесе, 28 жастағы Тайнан жарыстың сұрмергені атанды.

«Әлемнің ең үздік командасы – Бразилияға қарсы әдемі ойын-өрнегін көрсеттік деп ойлаймын. Соңына дейін жанкүйер болған қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Мұндай дәреженің өзі біз үшін үлкен мәртебе», – деді футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака.

Айта кетейік, футзалшыларымыз қола үшін болған тартысты ойында Бразилиядан 4:2 есебімен ұтылып, ең үздік төрттікке енді. Әлем чемпионатында Португалия құрамасы топ жарса, Аргентина күміс жүлдегер атанды.  

«Біз Бразилиямен бір деңгейде ойнадық. Тіпті, одан да басым болдық деп айтуға болады. Қазақстан осы деңгейде ойнауын алдағы уақытта жалғастыра береді», – деді футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Лео Игита.

Новости партнеров