Параспорт чемпиондары ерекше балалармен кездесті. «Мен сені үлгі тұтамын» тақырыбында өткен форумды Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты мектеп ұйымдастырған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аталған тақырыпта тұңғыш рет кездесу жасағандар балалардың ойлау-сөйлеу еркіндігін қамтамасыз ету мақсатында қатысушыларды түрлі-түсті топқа бөліп, фасилитациялық алаң жабдықталды.
Айта кетейік, екі кезеңнен тұратын іс-шараға Англияның Оксфорд қаласында өткен халықаралық спорттық жарыстардың жүлделі жеңімпазы Айнұр Исламова мен қол күрестен 4 дүркін Азия чемпионы Жасұлан Бисенбаев арнайы келген.
– Параспорт түрлерінен елімізді әлемдік мінбелерден танытып жүрген спортшылар қонаққа келді. Балаларға өздерінің жеткен жетістігін айтып, мотивация беріп, қойған сұрақтарға жауап берді. Балалар өте жақсы әсер алды, – деді Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева.
Оқи отырыңыз: Қысқы олимпиада: Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын салған Илья Мизерных елге оралды
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!