Қысқы олимпиада: Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын салған Илья Мизерных елге оралды

Almaty.tv
Almaty.tv
Жарысқа 70 елден 1800 спортшы қатысып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиадада Қазақстан қоржынына тұңғыш алтынды салған Илья Мизерных елге оралды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан бұған дейін аталған олимпиада түрінен алтын медаль алмаған. Тарихи жеңіске қол жеткізген жеткіншекті Алматы әуежайында бір топ жанкүйерлер ыстық ықыласпен күтіп алды. Спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден 38 бәсекелесті басып озып, жеңімпаз атанған еді.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарына 70 елден 1800 спортшы қатысып жатыр.

– Ерекше толқыныс болды. Мұның бәрі түсім сияқты. Бірақ мен өз жұмысымды ғана істедім. Бапкерім не істе десе, соны айнытпай қайталадым. Маған қолдау білдірген жанкүйерлерге алғысым шексіз, – деді жасөспірімдер арасындағы IV Қысқы олимпиада ойындарының Жеңімпазы Илья Мизерных.  

– Футболға, волейболға қатысқан, жүзеді. Ол спортпен 6 жасынан бастап шұғылданып жүр. Олимпиада жеңімпазы болып, елдің мәртебесін көтеріп жатыр, – деді №3 кешенді балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Арсен Тортаев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшылар Мажарстанда өткен турнирде 5 алтын медаль жеңіп алды

Новости партнеров