Қазақстандық гимнаст алғаш рет жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының жүлдегері атанды
flickr
Жарыс Түркияда өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық Зейнолла Ыдырысов Түркияның Анталья қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, З.Ыдырысов ат снарядында 14.066 балмен үздік үштікке ілікті.
Ол тек армениялық спортшыларға ғана жол берді. Гамлет Манукян (14.633) чемпион атанса, Мамикон Хачатурян (14.100) күміс жүлдеге ие болды.
Бұл – Қазақстан спортшыларының гимнастика тарихында жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.
Антальядағы әлем біріншілігі 2 сәуірде қорытындыланады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
09.11.2026 17:15
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
09.11.2026 12:50
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00
Көзі көрмейтін мас жүргізуші тасжолмен 240 шақырым жүріп өткен
08.11.2026 11:33
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
08.11.2026 12:39