Елсияр Қанағатов: Қазақстанға спорт саласы бойынша ғылыми зерттеу институты керек

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде спорт және спорттық жетістіктер бойынша ғылыми-зерттеу институты құрылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Шетелдік тәжірибелі жаттықтырушыларды тарту спортта бар жайт. Айтар болсақ, Қытай 2008 жылы жазғы олимпиаданы өткізген кезде көптеген шетелдік жаттықтырушыларды тартты. Әрине, олардың қасында отандық жаттықтырушылар болды. Аталған тәжірибені біз де қолданып жатырмыз. Шорт-тректен Корея және Қытай елінен жаттықтырушылар болды. Жалпы спортта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізгіміз келсе, төменнен бастауымыз керек. Яғни балалар мен жасөспірім және бұқаралық спортқа жіті көңіл бөлген жөн», - деді Елсияр Қанағатов Бейжіңнен тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, бұқаралық спортты дамыта түсу күн тәртібіндегі мәселе. 

«Әрине, спортта ғылымның да өз орны бар. Мен аталған мәселені бұған дейін де көтеріп келемін. Бізде ғылыми зерттеу институты жоқ. Ғылыми тұрғыдан зерттеу ол кәсіби және бұқаралық спорт үшін де керек. Бүгінде спорт бойынша ғылыми зерттеу институтын құру мәселесі күн тәртібінде тұр. Институт құрылып, қысқы спорт түрі одан әрі дами түседі деген үміттемін»,- дейді ол.

Новости партнеров