|
14.10.2019 | 20:14
11634

Сағынтаев «Буревестник Алматы» волейбол клубын Қазақстан Кубогіндегі жеңісімен құттықтады

Қала басшысы барша ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында осындай биік нәтижеге қолжеткенін атап өтті

Сағынтаев «Буревестник Алматы» волейбол клубын Қазақстан Кубогіндегі жеңісімен құттықтады

Бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Буревестник Алматы» клубының ойыншылары және жаттықтырушылар құрамымен кездесті. Шаһар басшысы оларды 2019 жылғы Қазақстан Кубогін жеңіп алуларымен құттықтап, ақшалай сыйлық табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал клуб директоры, КСРО-ның спорт шебері, генерал-майор Амангелді Шабдарбаевқа қаланың өркендеуіне қосқан елеулі үлесіне сәйкес «Еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Алматы әкімі өз сөзінде елімізде спорттың дамуына ат салысатын командаларды қашан да қолдау қажет деді.

«Сіздерді жетістіктеріңізбен құттықтаймын. Спорттағы лайықты нәтиже оқыстан болатын жағдай немесе істің оңынан тууы емес. Бұл – үнемі аянбай тер төгудің, өз күшіне сенудің және жеңіске жетудегі зор үміттің нәтижесі. Мен күнделікті жаттығулардың қуаныш әкелуін, тарыққан сәттерде сенімнің алға жетелеуін, ерен еңбектің лайықты жеңіспен марапатталуын тілеймін», - деді  Алматы қаласының әкімі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Қала басшысы бұл жеңіске барша ұжым үйлесімді жұмыстың арқасында биік нәтижеге жеткенін айтты. Сондай-ақ, кездесу кезінде команданың бас жаттықтырушысы Александр Запеваловқа және жағажай волейболының бас жаттықтырушысы Денис Ровкинге алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, «Буревестник» командасы 1966 жылы КСРО Жоғары лигасына өткен. 1967 жылы Кеңес чемпионатының қола, 1968 жылы күміс, 1969 жылы алтын медалін жеңіп алған. Осыдан соң екі жыл қатарынан Еуропа чемпиондар Кубогын иеленген. Ал «Буревестник Алматы» волейбол клубы бұрынғы дәстүрді жалғастыруда.

«Волейболды бізде 14 адам ойнады. Олар біздің елдің кубогын жеңіп алды. Клубтың өзінің жеке спорт залы бар. Ол әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Жақсы еден, жарығы бар. Бұл волейболда аса маңызды. Оған қоса, шипажаймыз бар. Жалпы ерлер және әйелдер құрама командалары сонда жаттығады», - деді «Буревестник Алматы» ЖШС директоры, КСРО-ның спорт шебері Амангелді ШАБДАРБАЕВ.

«Олимпиада чемпиондары  Кравченко, Сауранбаев секілді адамдардың тәлімгерлері бар. Яғни, клубтың өзіндік тарихы бай. Игі дәстүр ешқашан ұмытылмайды. Талапты ойыншыларды жинап, Қазақстан чемпионатында ойын көрсететін спортшыларды дайындаймыз. Олар көп жылдан бері ұлттық құраманың атынан шығып жүр», - деді «Буревестник Алматы» волейбол клубының бас жаттықтырушысы Марат ИМАНҒАЛИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир