№9 Олимпиадалық резервке спортшылар даярлайтын балалар мен жасөспірімдер мектебіндегі спортзал қайта қолданысқа берілді, деп хабарлайды тілшісі Almaty.tv.
1974 жылы салынған ғимарттағы зал биыл қайта жөнделіп, спорт жабдықтарымен қамтылды.
«Залды қайта жөндеуге 2 айға жуық уақыт кетті. Осы уақыт аралығында балалар басқа залда дайындалды. Шыдамдылық пен түсіністік танытқан ата-аналарға, қолдау көрсеткен қала әкімдігіне алғыс айтамыз», – деді № 9 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінің директоры Айсұлу Серікқызы.
Қазір мектепте 800-ге жуық бала спортпен шұғылданады. Зал гимнастикамен айналысуға арналған. Гимнастика – барлық спорт түрінің негізі саналады. Жаттықтырушылардың айтуынша, спорттың бұл түрі бүлдіршіндердің базалық қабілетін қалыптастырып, физикалық шымыр, икемді болуға септігін тигізеді.
«Мектебіміз бұған дейін жабдықталған, бірақ қанша уақы өтті. Бәрі ескіріп кеткен еді. Сондықтан оның бәрі дайындыққа әсер етеді. Қазір жаттықтырушылар, сосын балалар қуанып жатыр», – деді № 9 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Ерлан Ұзақов.