Илья Ильин Қызылордадағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалды

Фото : пресс-служба
Фото : пресс-служба
Илья Ильинді қызметке тағайындау барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет облыс жұртшылығы атынан жылы лебіз білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады. Спортшы бүгін Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлемнің төрт дүркін чемпионы атағына ие болды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

«Бұл шешімді қабылдау маған оңайға соққан жоқ. Мен Токио Олимпиадасына қатысуды алдыма мақсат еткен едім. Дегенмен аталған додада белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілді. Сондықтан мен спортшы ретінде карьерамды аяқтап, енді аталған салада қызмет атқаруды дұрыс деп санадым. Осылайша, спорт саласында менеджмент мәселесін жан-жақты меңгерсем деймін. Келешекте бапкерлік қызметке келуім де мүмкін. Оны уақыт көрсете жатар. Қазіргі ең басты міндетім - жаңа қызметте өзімнің қабілетімді жан-жақты көрсете білу», - деді Илья Ильин.

Илья Ильинді қызметке тағайындау барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет облыс жұртшылығы атынан жылы лебіз білдірді. Сыр өңірі жұртшылығы үшін талантты спортшы қай кезде де беделі биік саңлақ ретінде бағаланады.

Новости партнеров