Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті

Алматы әкімдігінде хоккейші балалардың ата-аналарымен кездесу өтті
Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов хоккеймен айналысатын балалардың ата-аналарымен кездесті. Кездесуге «Медведи» жеке хоккей клубының өкілі де қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында балалар хоккейінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы талқыланды. Қатысушылар балалардың секцияларының сапасы және олардың баға белгілеуі, сондай-ақ жаттықтырушылар құрамының біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді.


Қалалық Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов қазіргі уақытта Алматы қаласында балалардың бұқаралық спортын дамыту, оның ішінде мектеп секциялары мен үйірмелерінің тұжырымдамасын әзірлеу жүргізіліп жатқанын айтты. Балалар хоккейіне ерекше көңіл бөлінеді. Хоккейді дамыту тұжырымдамасы жобасының әзірленуі жақын арада аяқталады және жұртшылықпен талқылап, түзетулер енгізу үшін ашық платформада жарияланады.

«Бірінші кезектегі мәселе – балалар спортын дамыту», — деді Рүстем Байсейітов. Ол кәсіби хоккейді дамытар алдында балалар резервін қалыптастыру қажет екенін атап өтті. Балалар спорты саласындағы шараларды күшейту, өз кезегінде жоғары жетістіктер спортын дамытуға елеулі серпін береді.

Кездесу қорытындысы бойынша бұрын хоккей клубынан шығарылған екі баланың жаттығуды жалғастыратыны туралы шешім қабылданды. Бүгін балалар кезекті сабаққа қатысады.

Новости партнеров