Спорттық гимнастикадан Әлем кубогінде олжа салған алматылық Нариман Құрбанов пен Милад Карими елге оралды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бакуде өткен байрақты додада бірі топ жарса, екіншісі күміс жүлдегер атанған. Отандастарымызды әуежайдан күтіп алу үшін олардың туыстары мен достары жиналып, қуанышты бірге атап өтті. Нариман әкесі әрі жеке бапкері Хусанжан Кұрбановтың қуанышында шек жоқ.
«Көңіл-күйім өте керемет. Ұлым Әлем кубогінде еліміздің атын шығарып, даңқымызды аспандатты. Одан асқан бақыт бар ма? Баламнан алдағы уақытта да үлкен үміт күтемін», – деді Н. Құрбановтың әкесі Хусанжан Кұрбанов.
Нариман Құрбанов әлем кубогі кезеңінде үздік спортшылардың алдын орап кетті. Отандасымыз ат снарядындағы жаттығуда 14,633 ұпай иеленіп, жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орын албаниялық Матвей Петровка бұйырса, үздік үштіктен Франция өкілі Томмасон Сириль көрінді.
«Біз 45 күнде 4 бірдей Әлем кубогіне қатыстық. Бұл моральдық және физикалық тұрғыдан өте ауыр. Соған қарамастан жақсы өнер көрсетіп, өзімді дәлелдей білдім, 2 алтын алдым», – деді спорттық гимнастикадан ұлттық құрама мүшесі Нариман Кұрбанов.
Ал Милад Карими болса, Әлем кубогінде күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол еркін жаттығу түрінен финалға жетіп, 14, 300 ұпай жинады. Бұл сында белгілі Израиль спортшысы Артем Долгопят топ жарса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдегер атанды.
«Жарыста өзім қалағандай өнер көрсете алмадым. Квалификацияның екінші күні италиялық спортшы жарақат алып, ақтық кезеңге мен шығып кеттім. Финалдағы басты бәсекелесім Олимпиада чемпионы Артем Долгопят болды», – деді спорттық гимнастикадан ұлттық құрама мүшесі Милад Карими.
Отандық гимнастшылардың ендігі мақсаты Азия ойындары мен Азия чемпионатына және Әлем біріншілігіне дайындалып, жүлдегер қатарынан көріну.
Мерей Қанапиянов, Ялкунжан Әшімжанов, "Алматы" телеарнасы.
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!