Конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының ақтық кезеңі өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Маусымның шешуші бәсекесіне 160 спортшы қатысады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының ақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бірнеше айға созылған сайыста еліміздің әр өңірінен 120 спортшы бақ сынасты. Олар 5 кезеңнен тұратын додада 500 метр қашықтықтан 5000 метр қашықтыққа дейінгі аралықта жарысты.

Айта кетейік, ертең командалық Қазақстан чемпионаты басталады. Маусымның шешуші бәсекесіне 160 спортшы қатысады.

– Әйелдер арасындағы 1000 метрлік және ерлер арасында 1000 метрлік қашықтықта жүгіреміз. Мұз тазалау уақытынан кейін әйелдер 3000 метрлік қашықтық, ерлер 5000 метрлік қашықтықта бақ сынайды, – деді ҚР конькишілер одағының вице-президенті Кенже Сәрсекенова.

– Басында старттық кезеңде қатты қобалжыдым. Алматыда жүгіріп шыққанымда өзімді өте жақсы сезіндім. Ауа райы да, мұз да кедергі келтірмеді, – дейді жеңімпаз Еңлік Жәрдембекқызы.

Оқи отырыңыз: XX қысқы сурдлимпиада ойындары: ел құрамасы қай спорт түрінен бақ сынайды

Новости партнеров