Баум тоғайында бесінші жаңа жылдық «Экстремалды атлектика» Алматы марафоны өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап
Жаңа жылдың алғашқы күнінде стартқа 1500-ге жуық қазақстандық шықты. Дәстүр бойынша көптеген қатысушылар карнавал костюмін киді.
Таңғы 11.00-де қатысушылар Баум тоғайына кірер есікте кездесіп, 12.00-де 42 және 21 шақырымға жүгіру басталды.
Сағат 13.00-де 7 шақырымға жүгіру басталды.
Медальдар қатысушылардың барлығына бірдей берілді. Сонымен қатар трекинг жүйесіне қосылу арқылы марафонға Қазақстан мен әлемнің кез келген қаласынан қатысу мүмкін болды.
«Экстремалды Атлетика» командасының спорт директоры Тимур Артюхиннің айтуынша, шараның бес жыл қатарынан өтуі қатысушылар қатарының өскенін көрсетеді.
«Бұл жолы «Жаңа Жыл марафоны» немесе Алматы халықаралық жаңа жылдық марафонына», 1500-ден астам адам қатысты. Оның 1200-і Алматыдағы Баум тоғайында болса, қалғаны – Қазақстанның басқа қалаларынан, сондай-ақ әлемнің әр елінен – Витебск (Беларусь), Ташкент (Өзбекистан), на Кипр, Мальдив аралдарынан да қатысты», - деді Артюхин.
Марафонға қатысушылардың басым бөлігін Шымкент, Өскемен мен Нұр-Сұлтанның тұрғындары құрады.
Сондай-ақ марафонға Қордай, Семей, Петропавл, Павлодар, Рудный, Атырау, Ақтау, Тараз, Талдықорғаннан да адамдар қатысты.
Айта кету керек, 2019 жылы стартқа 1100 қатысушы шықты.