Италияда Олимпиаданың ашылу салтанаты басталды

Depositphotos
Depositphotos

Тарихта алғаш рет салтанатты рәсім елдің төрт алаңында бір уақытта өтуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Италияда XXV қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олимпиада тарихында тұңғыш рет бұл ауқымды шара бірден төрт қалада — Милан, Кортина-д’Ампеццо, Ливиньо және Предаццода ұйымдастырылып отыр.

Бірнеше алаңды қамтитын формат спорттық кластерлер арасындағы қашықтықтың алшақтығына байланысты таңдалған. Ашылу салтанатының негізгі бөлімі Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтуде. Онда көрермендерге Италияның мәдениеті мен дәстүрін бейнелейтін ауқымды театрландырылған қойылым ұсынылуда.

Халықаралық Олимпиада комитеті бейтарап мәртебеде ойындарға қатысуға рұқсат алған ресейлік спортшылардың ашылу салтанатындағы елдер шеруіне қатыспайтынын хабарлады. Дегенмен, оларға көрермен ретінде трибунада отыруға рұқсат етілген.

Жарыстарға Ресей атынан барлығы 13 спортшы қатысуда. Олардың қатарында мәнерлеп сырғанаушылар Аделия Петросян мен Пётр Гуменник, ски-альпинист Никита Филиппов, шорт-трекшілер Алёна Крылова мен Иван Посашков, конькимен жүгірушілер Ксения Коржова мен Анастасия Семёнова, шаңғышылар Дарья Непряева мен Савелий Коростелёв, шанамен сырғанаушылар Дарья Олесик пен Павел Репилов, сондай-ақ тау шаңғышылары Юлия Плешкова мен Семён Ефимов бар.

Бұған дейін Олимпиада алауын жағу құрметі атақты италиялық тау шаңғышысы Альберто Томбаға берілетіні белгілі болған. Салтанатты рәсімнің музыкалық бағдарламасына әлемдік жұлдыздар қатысады, соның ішінде Мэрайя Кэри әйгілі Nel blu, dipinto di blu әнін орындайды.

Оқи отырыңыз: XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Новости партнеров