Тағы бір жеңіс: Қазақстандықтар хоккейден әлем чемпионатында екінші рет басым түсті

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Алда команданы Польша, Украина және Франция құрамаларымен кездесулер күтіп тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы осы күндері Сосновецте (Польша) өтіп жатқан ІА дивизионындағы әлем чемпионаты аясында екінші матчта жеңіске жетті, — деп хабарлайды Almaty.tv Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Біздің хоккейшілер Жапония құрамасын 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Дінмұхамед Қайыржан, Аңсар Шайхмедденов, Дмитрий Бреус, Роман Старченко, Кирилл Ляпунов және Самат Данияр соққан голдарымен көзге түсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құрама Литваны жеңген болатын. Екі ойыннан кейін Қазақстан алты ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Алда команданы Польша, Украина және Франциямен өтетін матчтар күтіп тұр.

Элиталық дивизионға жолдаманы үздік шыққан екі құрама иеленеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның ұлттық құрамасы Балқан математика олимпиадасына қатысады

 

Новости партнеров