Қазақстандық жағажай волейболшылары жасөспірімдер олимпиадасында екінші рет жеңді

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Отандастарымыз қарсыластарынан екі сетте басым түсті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жағажай волейболынан Дакар қаласында (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Кезекті ойында Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныштан құралған қазақстандық жұп Гана өкілдері Джастис Амоафо мен Даниэль Лартимен кездесті.

Отандастарымыз қарсыластарынан екі сетте басым түсті. Алғашқы сет 21:19 есебімен аяқталса, екінші кезеңде 21:13 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін топтық кезеңде Сауд Арабиясының құрамасынан басым түскен болатын.

Айта кетейік, жағажай волейболынан жарыстар Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасы аясында ұйымдастырылуда.

Оқи отырыңыз: Қысқы дөңгелек ауыстыру құны қанша: өңірлердегі баға белгілі болды