Референдумға дейін:
11
күн
14
сағат
23
минут

«Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластарын білді

Кадр из видео
Кадр из видео

Қазақстандық клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетпек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Монакода өткен жеребеде 2025/26 маусымының Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайраттың» қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қазақстандық клуб осы кезеңде сегіз матч өткізеді — төртеуі өз алаңында, төртеуі сырт алаңда.

Алматыда «Қайрат» әйгілі испандық «Реалды», бельгиялық «Брюггені», гректің «Олимпиакосын» және кипрлік «Пафосты» қабылдайды.

Сырт алаңдағы кездесулер де осал емес қарсыластармен өтеді: италиялық «Интермен», ағылшындық «Арсеналмен», португалиялық «Спортингпен» және даталық «Копенгагенмен».

«Қайрат» үшін бұл тарихи кезең — клуб алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетпек. Мұнда ол Еуропа футболының алыптарымен кездесіп, өз күшін жоғары деңгейде сынайды.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы тарихи триумф: «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты

Новости партнеров