Үстел теннисі: Қазақстан намысын 86 өрен қорғап жатыр

Байрақты бәсекеге 16 елден 200 ге жуық спортшы қатысуда

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында ірі халықаралық жарыс өтіп жатыр. Осымен үшінші рет елімізде жалауын көтерген байрақты бәсекеге 16 елден 200 ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан намысын 86 өрен қорғап жатыр. Ерекше атап өтерлігі құрама көшбасшысы жастар арасындағы әлем чемпионы,  халықаралық жарыстардан қырыққа жуық жүлде ұтқан Алан Құрманғалиев те қатарда. Сондай-ақ әлемдік рейтингте көш бастап тұрған Корей, Үндістан мен Қытайдың ең мықты спортшылары да осы жарыстың көркін қыздырып жатыр.  23 шілдеде басталған жасөспірімдер контендері 26 шілде күні мәресіне жетеді.

«11 жастан 19 жас аралығындағы балалар үстел теннисінен әлемнің мықтыларымен ойнап, тәжірибе жинап жатыр. Бұл – үстел теннисінен спорттық резерв дайындауға керекті, маңызды қадам», – деді Үстел теннисі федерациясыың вице-президенті Елсияр Қанағатов.

Оқи отырыңыз: Универсиада-2025: Қазақстан құрамасы дзюдодан екі медаль жеңіп алды

Новости партнеров