Алматыда қоқыс жәшіктерін тазалау жұмысы күшейтілуде

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінде қалада 33 мыңға жуық қоқыс жәшігі бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны және «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қоқыс жәшіктерін тазалауды бақылау бойынша жаңа шаралар енгізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мониторинг нәтижесінде аузы-мұрнынан шығып толып жататын 52 учаскені анықтады. Бұл мәселені шешу үшін санитарлық тазарту қызметінің жұмысын бақылау күшейтілді.

Қоқыс жәшіктерін тазалау бойынша қосымша патрульдік маршруттар енгізілді. Күн сайын сағат 12:00-ден 20: 00-ге дейін екі қызметкері бар жүк көліктері жұмысқа шығады. Жауапты тұлғалар нақты аумақтарға тағайындалады, бұл туындаған түйткілді мән беріп, тездетіп шешуге жол ашады. 

Бүгінде қалада 33 мыңға жуық қоқыс жәшігі бар, шаһарды 1 300-ге жуық адам және 1 000-нан астам техника тазалайды. Дизайн кодқа сәйкес, жаңа, сыйымдылығы үлкен қоқыс жәшіктерін сатып алу жоспарланып отыр.

Новости партнеров